«Саржайлау» демалыс орны ашылды (фотолар)

Айнакөлі – Қамыскөлдің жағасындағы ауданымыздағы бір ғана «Қамыскөл» шипайжайы Оңтүстіктегі мақтаулы демалыс орындарымен деңгейлес екені әуелден аян. Қамыскөлдің балшығы - буын ауруларына таптырмас ем. Таяуда жергілікті тұрғындардың алыс күншілік жерлерге бармай-ақ, өз жерімізде-ақ таза ауа жұтып, саумал ішіп, тынығуына тағы бір мүмкіндік туды: қаладан 9 км жерде Қарағай елді мекеніне қарасты жерде орналасқан «Саржайлау» серуендеу демалыс орны есігін айқара ашты.

«Қолыңда лимон болса, лимонад» жаса демекші, Жылыойдың табиғатын өз бауырындағы балаларына игілігі тиетіндей және туризмді дамыту үшін заманауи қалыпқа сай демалыс орны етіп ұсынып отырған кәсіпкердің ісіне бәрекелді дейсің. Аудан халқы үшін маңызы бар осы орынның ашылу салтанатына аудан әкімі Азамат Бекет арнайы барып, ұлттық нақышпен ерекшеленген «Саржайлаудың» тұсаукесер лентасын кесті. Бұл демалыс орнына кіріп келгеннен көзімізге түскені – алты қанат ағаш үйлер, атпен серуендеу алаңы, ағаштан салынған үйшіктер демалушыға жанға жайлы сая болатыны сөзсіз. Мұнда шағын хайуанаттар бағы бар. Неше түрлі құстарды да осыннан тамашалауға болады. Демалушылар тынығып отырып тамақтанатын тапшандар, кішкентай балалар ойнайтын алаңдар ойластырылған.

 

Демалыс орнының денсаулыққа пайдасы зор: құрамында адам ағзасына қажетті дәрумендер мен минералдарға бай саумал, қымыз, шұбат, құрт-ірімшік, бір сөзбен айтқанда, ұлттық тағамдар ұсынылады. Осындай жарқын жаңалықпен жұртты дүр сілкіндіріп, игі іске мұрындық болған облыстық мәслихат депутаты Мейрамбай Сембайұлы аптасына бір рет мүгедек жандар мен балаларды демалыс орнына атпен серуендеп, демалуға шақыратынын мәлімдеп, көпті қуанышқа бөледі. Өйткені сал ауруымен ауыратын балаларға иппотерапия таптырмайтын ем. Демалыс орнының қайырымдылық шараларынан да тыс қалмай, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетуі - нағыз ғанибет іс. Өз жерімізде осындай халыққа пайдалы демалыс орындарының ашылуы көңіл қуантарлық жағдай екені рас!

Айзада Долыбекова

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика