Сарбаздар сап түзеді

Бастапқы әскери даярлық пәні бойынша 5 күндік оқу-далалық (лагерлік) жиыны ұйымдастырылды.

Жақында жалпы білім беретін орта мектептердің 10-сынып оқушылары мен колледждердің 1 - курс студенттері арасында бастапқы әскери даярлық пәні бойынша 5 күндік оқу-далалық (лагерлік) жиыны ұйымдастырылды. Бұл 2019 жылдың мамыр айының 13-17-сі күндері аралығында мектеп базаларында 30 сағаттық бағдарлама бойынша өтті.

Бес күндік далалық оқу-жаттығудың басты мақсаты Қазақстан Қарулы Күштерінің мәртебесін арттыру, жастарды патриоттық рухқа, отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады.

Жасөспірімдер тәртіптілікті, реттілікті сақтау үшін саптық даярлықтан өтіп, сондай-ақ тактикалық және атыс даярлықтары бойынша да бірнеше жаттығулар жасады.

Аудан бойынша жалпы білім беретін оқу орындары мен колледждер бойынша жиынға 902 оқушы мен студенттер қатысты. Сонымен қатар практикалық жаттығулар жасап, өздерінің күш-жігерлерін сынап, шынығып қайтты.

Жылыой ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521