Сарбаздан сардар шығар қол бастайтын

Отанды қорғау, еліміздің Қарулы Күштері қатарын нығайту – тек қана 18- ге толып, азаматтық борышын өтеуге аттанған жас сарбаздар сапынан құралмайды. Запастағы сержант пен әскери міндетін өткерген азаматтар да мемлекет шақырған уақытта кез келген мезгілде өз міндетін атқаруға дайын болуға тиісті. Өйткені, Қазақстан әскері осы саланың қыр-сырын жетік меңгерген мықты мамандардың кәсіби шеберлігінің арқасында күші басым қолға айналмақ. Олар ел басына күн туған заманда сардардай сараланып, өзінен кейінгі жас сарбаздарды жорыққа бастай алатын жауынгерлік қабілетін жоғалтпағаны жөн.

Міне, сондықтан да аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бейбіт мезгілде үнемі жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын арттырумен айналысады. Осы орайда, жыл сайын әскери міндеттілер арасында әр түрлі әскери оқу-жаттығу жиындарын өткізу жұмыстары жүргізіледі. Әскери оқу-жаттығу жиынының негізгі мақсаты - соғыс уақытына қажетті тапшы әскери мамандарды дайындау болып табылады.

Облыс әкімінің №180 қаулысын және облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының №113 бұйрығын басшылыққа алған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім биылғы жылдың қазан айының 11-і мен 20-сы аралығында облыс аумағындағы қорғаныс бригадасының әскери міндеттілерін өтілімге сай іріктеп, зерделеп, әскери оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастырды. Әскери оқу-жаттығу жиынына аудан бойынша 23 жасқа толған әскери міндеттілер қатысты.

Әскери оқу-жаттығу жиындары №41433 әскери бөлімінің «Қарабатан» оқу полигоны мен Махамбет ауданының, Сарытоғай ауылындағы «Арай» лагерінде өтті. Тактикалық арнайы оқу-жаттығудың ойыны үшін жаттығулар мен тактикалық эпизодтар өткізуге «КазТрансОйл» акционерлік қоғамына қарасты Атырау мұнай құбырлары басқармасының «Карманово» мұнай жылыту станциясы өз үлесін қосты.

Аталмыш жиында әскери қызмет өткерген қордағы сержанттар мен сарбаздар арнайы жаттығудан өтті. Әрине, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жаттығуға қатысқан әскери міндеттілердің жұмыс орны мен еңбекақысының сақталып қалуына ықпал етті. Жиын барысында барлық шығындар, атап айтанда, жол шығындары, тамақтандыру, орналастыру секілді өзге де мәселелер шешілді. Бұл жөнінде запастағы әскери міндеттілер арасында түсінік жұмыстары жүргізілді.

Тұрлан САДЕНОВ,

аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT