Еліміздің «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске» сәйкес,тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау объектілері эпидемиялық мәні бар нысандар ретінде екі топқа бөлінеді:
1) эпидемиялық мәні жоғары объектілер;
2) эпидемиялық мәні болмашы объектілер.
Эпидемиялық мәні жоғары объектілер халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алады. Эпидемиялық мәні болмашы объектілер қызметтің басталғаны туралы хабарлама берумен шектеледі.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы барлығы 5 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.
Атап айтқанда, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру, Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу, патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге арналған рұқсат пен қосымшаларды беру, олардың қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтату және Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсетуге лицензия беретін мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Осы жерде санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру мерзіміне тоқталсақ.
Қорытынды беру объектілерге 13 жұмыс күні, жобаларға -10 күнде, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру 5, Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу 13 жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттар мен қосымшаларды беру, олардың қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтату да 13 жұмыс күні ішінде және Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтерді көрсетуге лицензия 15 жұмыс күнінде берілсе, қайта ресімдеуге 3 жұмыс күнінде мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Бұл ретте санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін мынадай қажетті құжаттар тізбесі керек:
- ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
- Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қажетті зертханалық-аспаптық сынаққа сәйкес аккредиттелген зертханалар жүргізген зерттеулер хаттамасының электрондық көшірмесі ұсынылады. Ал қорытынды алу жөніндегі мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Талғат Хабибуллин, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы