Сандуғаш – үздік кітапханашы

Жақында Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің ІІ «Рухани қазына – 2019» фестивалі аясында мәдениет қызметкерлерінің республикалық байқауы ұйымдастырылды.

Бұл байқауға қатысуға «Жылыой аудандық орталық кітапхана» мемлекеттік мекемесіне қарасты №13 Ақкиізтоғай ауылдық кітапханасының жұмысы «Үздік ауылдық кітапхана» номинациясы бойынша ұсынылған болатын. Байқаудың бірінші кезеңі бойынша кітапхана меңгерушісі Сандуғаш Қалиева облыстан өтіп, ІІ кезеңде республикалық байқауға қатысып, 2017 – 2019 жылдардағы атқарылған жұмыстарын қорғап шықты.

Нәтижесінде «Үздік ауылдық кітапхана» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, бас жүлде - 1000000 теңгені қанжығасына байлап қайтты. Сонымен қатар 1 айға тәжірибе алмасу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханасына жұмысқа шақырылды. Бұл облыс көлеміндегі кітапхана саласындағы ең үлкен жетістік десе де болады.

Жеңімпазды аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ү.Кенжина, аудандық орталық кітапхана басшысы Б.Кенжебекова бастаған кітапхана ұжымы Құлсары теміржол вокзалында шашу шашып, қарсы алды. Сандуғаш кітапханашы болуымен қатар, Ақкиізтоғай ауылдық округі әкімдігінде қоғамдық жұмыстарға да белсенді араласады. Аудандық кітапханада өткен кітапханашылар сайысына да қатысып, 2–ші орынды иеленсе, облыстық кітапханада кітапханашылар арасында өткен Әйтеке Байбекұлының 370 жылдығына арналған шешендік сөз байқауына қатысып, ІІІ орынды иеленген болатын.

Б.Бегленқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521