Сандарды сөйлетсек...

Аудандық статистика бөлімінің мәліметінше, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары төмендегідей.

Демография

Аудандағы халық саны 2025 жылғы 1 желтоқсанға (ағымдағы деректер бойынша) 83902 адамды құрады.

Еңбек рыногы және еңбекақы төлеу

2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 888434 теңгені құрады (шетелдік кәсіпорындарды қоса есептегенде). Нақты жалақы индексі – 13,7%.

Ұлттық экономика

2025 жылғы қаңтар-желтоқсанға негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 830649 млн. теңге құрады. 

Сауда

2025 жылғы қаңтар-желтоқсанға бөлшек сауда көлемі 40117,9 млн. теңгені немесе 2024 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 4,2% артты.

Экономиканың нақты секторы

2025 жылғы қаңтар-желтоқсанға өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 12217533 млн. теңгені құрады. 2026 жылдың 1 қаңтарына ауданда барлық шаруашылық санаттары бойынша мүйізді ірі қара саны 21581 бас, қой мен ешкі 100403 бас, жылқы 23236 бас, түйе 12796 бас құрады. Аудан бойынша шаруашылықтың барлық санаттарында (тірілей салмақпен) 5437 тонна ет, 2436,1 тонна сүт, 213,5 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2025 жылдың қаңтар-желтоқсанға құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 322975 млн. теңгені немесе өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 32,7% азайып отыр.

2025 жылғы қаңтар-желтоқсанға пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 67943 шаршы метр, бұл 2024 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 16% азайды. Тіркелген заңды тұлғалар саны 2026 жылғы 1 қаңтарға 963 бірлікті құрады. Осы кезең ішінде жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны – 838 бірлік. 

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте (ШОК) жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 6158 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,2% азайып отыр. ШОК субъектілерінің жалпы санында дара кәсіпкерлер үлесі 82%, шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 11%, шаруа немесе фермер қожалықтары 7% құрады. 

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT