banner_damu

«Самғау» жобасы жастарға мүмкіндік береді

Бұл жоба Жастар ресурстық орталығы арқылы іске асырылуда. Мақсаты – жасөспірімдер мен жастарды оқыту және лайықты жұмыс жасау дағдыларын дамыту. Аудан бойынша 3-5 аймақтық тренер оқып келіп, жергілікті жерлерден 7 тренер дайындау керек. Сол тренер аудан бойынша кем дегенде 11 жасты өмірлік маңызды дағдылар бойынша 4 ай оқыту керек. Жоба соңы облыстық жастар форумымен қорытындыланады.

Жоба аясында аудан бойынша үш адам Атырау қаласында жеті күндік оқуға қатысып, аймақтық тренер деген сертификатқа ие болып келді. Олар – белсенді жастардың бірі Гүлнұр Жақиева, Мадина Ғалымжанова және мектеп мұғалімі Калима Келімбетова. Олар алып келген білімі бойынша ауданымыздан 21 тренер дайындады. Тренерлер ауданымыз бойынша 231 жасты өмірлік дағдыларын дамыту мақсатында оқытты. Тренерлер мақсат қоюдың маңыздылығы, түйіндемені жазу түрлері, келіссөз жүргізу дағдылары туралы ауылдық жерлерге барып, жастарға тренингтер өткізді. Жалпы тренингке жастардың қатысуы өте жақсы болды, өте белсенді қатысты, әсіресе қыз балалар көптеп қатысты. «Самғау» оқыту жобасы ауданымызда қараша айына дейін созылмақ.

Ж.Шаңқанова

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика