Салық пен нарық

Салық пен нарық
Фото: ашық дерек көзінен алынды

Мемлекет қаржысы салықтан құралады. Ал азаматтардың заңды міндеті - оны уақытылы өтеп тұру. Өкінішке орай, ауданда 2000-ға жуық тұрғын 23 миллионнан астам мүлік пен көлік салығын төлемей жүр. Сондықтан бұған қарсы нақты іс-шаралар жоспарын бекітіп, мәселенің түйінін тарқататын кез жетті.

Осы мәселеге байланысты аудан әкімінің орынбасары Нұрболат Сарманов өткен аптада аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы, мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының міндетін атқарушы, қала, кент және ауылдық округ әкімдері мен экономист-есепшілердің басын қосып, арнайы жиын өткізді.

Онда, негізінен, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар пысықталып, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді орындау арқылы бюджет кірісін толықтыру мәселесі көтерілді.

Кездесу кезінде қымбатшылық мәселесі де сөз болмай қалмады. Аудан әкімінің орынбасары Н.Сарманов аудандық ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі басшысына және қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне әлеуметтік маңызы бар 19 тауардың бағасын бақылауды қатаң тапсырды. Нақтырақ айтқанда, оларды сауда үстемесінен 15 пайыздан асырмауды жүктеді және кәсіпкерлік объектілерін түгендеуді тапсырды.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT