Салық заңдылықтарын түсіндірді

Жеке кәсіпкерлер үшін пайдалы жиналыс болды.

Жылыой ауданы бойынша Кірістер басқармасының ұйымдастыруымен жеке кәсіпкерлерге салық заңдылықтарын түсіндіру мақсатында жиналыс өтті.

Оны Жылыой ауданы бойынша Кірістер басқармасының басшысы Бекен Шанаев жүргізді. Кездесуге қатысқан облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыс басқармасының басшысы Н.Сарманов салық және кеден заңдылықтарындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы айтты.

Ол «Қазір барлық құжаттарды электронды түрде алуға болады.Сондықтан осы жүйеге барлығымыз үйренуіміз керек. Мемлекет барлығын халыққа тиімді әрі қолжетімді болатындай жасап қойған. Бізбен тікелей жұмыс жасайтын құқық қорғау органдары, мемлекеттік органдар халықпен көбірек кездесуі керек. Халық та бізбен байланыста болуы керек» дейді. Сонымен қатар ол кәсіпкерлерге салық саясаты, кеден заңдылықтарына енген өзгерістер туралы түсіндірді. Қатысушылар басқарма басшысына сұрақтар қойып, жауап алды.

Ж.Шаңқанова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521