Салық кодексіне енгізілген өзгерістер

Ойын бизнесі салығы Салық кодексінің 539 және 540-баптары 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін әрекеттелді

2020 жылғы 1 қаңтарда «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ Кодексіне енгізілген өзгерістер

Бірыңғай жер салығы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірыңғай жер салығы негізінде шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушінің салық салу объектісі кіріс болып табылады (кіріс оңайлатылған декларацияғыдай анықталады - барлық кірістер шығыссыз, бірақ жыл бойынша). БЖС ставкасы кірістен 0,5% мөлшерінде құрастырылды.

Тіркелген салық Салық кодексінің «Тіркелген салық» 17 тарауы 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін әрекеттелді, осыған сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тіркелген салық жойылады. Ойын бизнесі салығы Салық кодексінің 539 және 540-баптары 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін әрекеттелді, осыған сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ойындарға салынатын қосымша салық жойылады.

Бұл ретте, Салық кодексінің 222 - бабының 1-тармағы 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін әрекеттелді, осыған сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ойын бизнесі саласындағы және ұтыссыз ойын автоматтарын, ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютерлерді, ойын жолдарын (боулинг (кегельбан), карттарды (картинг), бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалана отырып, қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар, сондай-ақ айырбастау пунктінің уәкілетті ұйымдары корпоративтік табыс салығының салық төлеушілері болып табылады.

Анар Жанаева,

салықтық бақылау және өндіру бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT