Сайлаушылардың жартысынан көбі дауыс берді

ken-zhyloi.kz

Ауыл әкімдерін сайлау Жылыой өңірінде де қызу жүріп жатыр. Сайлаушылар түс әлетіне дейін-ақ белсенділік танытып үлгерді.

Айталық, аудандық орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зәуреш Қалмұханованың берген мәліметіне сүйенсек, онда таңертеңгі сағат 11. 00-дегі дерек бойынша Қара-Арна ауылдық округіндегі 107-сайлау учаскесіне тіркелген 1749 сайлаушының 523-і дауыс берсе, ал қосшағылдық 2607 сайлаушының 712-сі сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Ал соңғы ақпарат бойынша Қосшағыл сайлау учаскесінің 54,3 пайыз, ал Қара-Арна ауылдық округінің 52,11 сайлаушысы дауыс берді.

Е.Қошақанов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521