Сайлаушылар наурыз көжеден ауыз тиюде

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Мәслихаттар сайлауы Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келді. Сондықтан Құлсары қаласындағы # 97 сайлау учаскесіне кеп дауыс берушілерді ұлттық киім киген қыздар қарсы алып, наурыз көже ұсынуда. Таңнан бері ағылып келіп жатқан сайлаушылар алдымен бюллетеньдерін толтырып, өз таңдауларын жасаған соң наурыз көже ішіп, бауырсақтардан ауыз тиюде. Сайлау учаскесінің комиссия мүшелері де түгелдей ұлттық нақышта киінген. Бұл сайлаушыларға ерекше әсер , мерекелік көңіл- күй сыйлауда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT