" Сайлаушылар белсенділігі жоғары",- дейді комиссия төрайымы

Құлсары қаласындағы 97 сайлау учаскесі қала орталығында орналасқан.

" Бүгінгі кезектен тыс Президент сайлауына кеп жатқан сайлаушылардың саяси белсенділігі жоғары екендігін байқауға болады. Олардың осы сайлау нәтижелерінен көп үміт күтетіні сезіледі.

Таңғы сағат 7.00 болмастан сайлау учаскесіне қарт ана бірінші боп келді. Ол сексен бес жастағы әже құлсарылық Жаңылсын Мақашева екен. Қарт әженің осы белсенділігін бағалап, оған сыйлық табыс еттік.Бұл учаскеде 2501 сайлаушы тіркелген, - дейді комиссия төрайымы Шынар Ағниязова.

Жылыой ауданында 24 сайлау комиссиясы жұмыс істеуде. Сайлаушыларға еркін дауыс беруге барлық жағдайлар жасалған. Олар қалаған үміткеріне дауыс беріп, өз таңдауларын жасауда. Жанға жайлы музыка ойнап тұр. Бүгін елімізде аса маңызды тарихи сәт екенін сайлаушылардың көңіл- күйінен де аңғаруға болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT