Қара Арна ауылдық округінде өтіп жатқан әкім сайлауы ауыл тұрғындарының азаматтық белсенділігін тағы бір мәрте дәлелдеді. №107 сайлау учаскесінің төрағасы Аманқос Сайынұлының мәліметінше, 7 сағаттық көрсеткішпен 512 адам өз дауысын берген.
Халық арасынан ерекше көзге түскен сайлаушылардың бірі — ауыл тұрғыны Ерғалиев Бақытжан. Ол бүгін сайлауға жолдасымен бірге арнайы келіп, азаматтық борышын орындады.
— Әрбір дауыс — ауылдың болашағы үшін жасалған қадам. Біз, келіншегім екеуміз сайлауға бірге келіп, ауылымыздың келешегі үшін дауыс беруді өзімізге парыз санадық. Қара Арна — біздің туған жеріміз, сондықтан оның дамуы мен тыныштығы бәрімізге ортақ жауапкершілік, — дейді Бақытжан ағамыз.
Биылғы сайлау барысында ақсақалдардан бастап, жастарға дейін белсенділік танытып отыр. Қай-қайсысы да ауылдың ертеңіне алаңдап, адал, еңбекқор басшыны таңдауға ниетті екенін байқатты.
Диана ІЗБАСАРҚЫЗЫ