Жылыой ауданындағы 102-сайлау учаскесі алдында қолөнер бұйымдары жәрмеңкесі өтуде. Жәрмеңкеде сатылымға шығарылған басты бұйымдар - тоқыма өнімдері, қыз-келіншектерге арналған тақиялар және түбіт шәлілер мен моншақтан тізіліп жасалған ерекше әсем мүсіндер.
Жергілікті шеберлердің қолынан шыққан өнімдерге қызығушылар да көп. Дауыс беруге келген нәзік жандардың үстел үстіне қойылған қолдан жасалған өнімдерге көздері бірден түсіп, сатып алмаққа ниеттенді. Мұндай жәрмеңке әр сайлау сайын ұйымдастырылып тұрады екен. Айта кетейік, бұдан басқа сайлау учаскелернің аулаларында ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесі де ұйымдастырылуда.