Сайлау науқаны тартысқа толы болды

19 наурыз күні болған Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы - еліміз үшін тарихи сәт болды. 

 Осылайша облыстық мәслихаттар толығымен мажоритарлық жүйе бойынша сайланды. Мажоритарлық жүйе ешқандай саяси партияға мүше емес белсенді азаматтарға, әлеуметтік желі белсенділеріне, қоғамдық-саяси өмірге араласып жүрген белсенділерге саяси ұпай жинауға мүмкіндік береді деп есептеймін. Бұл өз кезегінде көп азаматтардың саясатқа келуіне, өзін-өзі басқару мәселесіне араласуына жақсы мүмкіндік деп білемін. Мәслихаттар арқылы осындай азаматтар көптеп келсе, бюджеттің тиімді пайдаланылуы, аумақтың, қаланың, ауданның даму бағдарламалары бойынша өзінің ұсыныстарын беруге жақсы мүмкіндік берді. бір сөзбен айтқанда сайлау науқаны қызыққа және тартысқа толы болды.

Алға қарай жаңадан сайланған депутаттар белсенді жұмыс жасап, оң өзгерістер өрісі кеңейе береді деп сенемін.

Нұрдәулет Ақназаров,

Жылыой ауданының Құрметті азаматы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521