Сабақтан қалған бала, шетелде оқыған қыз, екпеден бас тартқан ата-ана...

Өткен аптада аудандық әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы болып өтті.

Онда, негізінен, бірнеше мәселе қаралды. Тұрғызба ауылындағы №4 М.Әуезов атындағы орта мектептің 9 жастағы оқушысы 3-тоқсан басталғалы сабаққа келмеген. Күйеуімен сегіз жыл бұрын ажырасып кеткен анасы еш жерде жұмыс жасамайды, ай сайынғы алиментпен күн көріп отыр. Баласының сабаққа ынтасы, оқу техникасы мен жазу сауаттылығы жақсы болғанымен, анасы мектепке жібермейді. Бұрын ұлын сабаққа алып келген ол терезені қағып, оқушыларға дауыс көтеріп, ұстаздар мен қызметкерлерге де қисынсыз сөздер айтып, сабақ процесіне кедергі келтіріп келіпті. Бала анасының осындай қылығынан ұялып, сабаққа қатынамай қоятынды шығарған.

Ақыры қаңтардың 10-ынан бастап мүлдем келмей қалды. Сынып жетекшісі, мектеп психологі, тәлімгер, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, ауыл емханасының дәрігерлері оқушының халін білуге барғанда анасы «Балам ауырып жатыр» деп үйіне кіргізбей, тіпті дауыс көтеріп, қуып жіберген. Жалпы анасының бойында жүйке ауруының белгілері бар деген болжам бар. Бірақ еш жерге тіркеуге алынбаған.

Негізінен, бала атасы мен әкесін жақсы көреді. Каникулда атасының үйінде болады. Онда өзін жақсы сезініп, ашылып сөйлеседі. Ал анасының үйіне оралса, тұйықталып, мектепке де барғысы келмейді. Осыған орай, аудандық білім бөлімінің басшысы Жанар Қазиева орталық аурухананың директоры Н.Үкібаевқа, аудандық полиция бөлімінің басшысы М.Тағаниязовқа қатынасхаттар жіберген-ді.

Сондықтан ана мен баланың мәселесін аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда қарауды ұсынды.

Екінші мәселе де күрделі...

Е.Қошақанов.

Толығырақ «Кең Жылой» гаетінің №6 санында

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521