Сақтық шаралары күшейтілді

Халықтың көп шоғырланатын жерлері, көшелер де бір сәт назардан тыс қалып көрген емес.

Қазіргі аймақтағы ахуалға байланысты Құлсары қаласы, кент және ауылдық округтерде санитарлық-дезинфекциялық жұмыстар күшейтілді. Қала бойынша адамдар көп шоғырланатын аялдамалар, вокзал, халыққа қызмет көрсету орталығы, мемлекеттік ғимараттар (аудан әкімі аппараты, аудандық полиция бөлімі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, аудандық прокуратура, орталық базар), Құлсары қаласы мен ауылдардың көшелері, көпқабатты тұрғын үйлер, жеке секторда орналасқан үйлердің айналасын залаласыздандыруға күні бүгінге дейін 540 тонна дезинфекциялық қоспа ерітіндісі пайдаланылды. Жалпы ұйымдастырылып жатқан дезинфекциялық жұмыстарға жергілікті кәсіпкерлер де өз үлестерін қосып, арнайы техникалармен көмек көрсетуде.

Құлсары қаласы және кент ауылдық округтерге қатынайтын жолаушылар тасымалдаушы қоғамдық көліктердің іші-сыртын, соңғы аялдамаларда дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Ондағы аялдамалар да күніне 2 рет дезинфекциядан өтеді. Халықтың көп шоғырланатын жерлері, көшелер де бір сәт назардан тыс қалып көрген емес.

Е.Қошақанов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521