Сақ болыңыз: «правосы» жоқ мас жүргізуші!

Қос мүшел жастан асқан жас жігіт осыдан екі жыл бұрын автокөлікті мас күйінде жүргізгені үшін құқық қорғау органдарының құрығына түскен еді.

Аудандық соттың қаулысымен ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылып, үш жылға жүргізушілік куәлігінен айырылған болатын.

Бірақ таяуда сол сабаз бұрынғы «әніне» қайта басты. «Ахаңның» буына бөгіп алған оның мастықтан тақымы қышыды. Шыдай алмай, «Киа Риа» шетелдік көлігінің тізгініне жармасып, көшені бетке алып, «шаба» жөнелді. Бірақ ішкеннің ісі оңа ма?! Көп алысқа ұзамай бір пәлеге ұрынды. Адам денсаулығына зиян келтірген әрекетке жол берді.

Бұл жолы заң оны маңдайынан сипай қоймады. Бұрынғыдай әкімшілік шара қолданып жатпады. Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін бірден Қылмыстық кодекстің 346-бабының 1-бөлігімен айыптады. Яғни жүргізушілік куәлігі жоқ бола тұра мас күйінде көлік жүргізіп, заң тілімен айтқанда «абайсызда адам денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіргені» үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Е.Есенов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521