ken-zhyloi.kz
Маусымның 28-і күні аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов атыраулық бір топ журналистерді қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады. Олардың бірқатарі Президентіміз Қ.Тоқаевтың Алғысхатымен, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталып, салтанатты жағдайда табыс еткен болатын-ды.
Облыс әкімінің қабылдауында аудандық «Кең Жылой» газетінің бас редакторы Сәулеш Шәтенова да болып қайтты. Ол Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тағайындаған ең жоғарғы марапаты «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Оны аймақ басшысы Махамбет Жолдасқалиұлы өз қолымен табыстап, шын жүректен құттықтады.
«Aқпарат саласының үздігі» төсбелгісімен ауданның бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ұзақ жылғы еңбектегі жоғарғы жетістіктерге қол жеткізген, өзіне жүктелген міндетті мінсіз атқарған, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ақпарат саласының озық қызметкерлері марапатталады. Бас редакторымыз С.Тәжіқызы аталған марапатқа лайық деп танылды.
Сәулеш Тәжіқызы 35 жылға тарта аудан айнасы «Кең Жылой» газетінде қызмет ете жүріп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық-саяси өміріне белсене араласты. Еңбек жолын қарапайым тілшіліктен бастап, 20 жылға тарта «Кең Жылой» газеті редакциясын басқарып келеді.
Редакция