Сүт өнімдерінің пайдасы көл-көсір, дегенмен...

Сүт - басқа ешқандай азық-түлік тең келмейтін аса бағалы тағамдық өнім.

Қазіргі уақытта сүт және сүт өнімдерінің түрлері мол.. Сүт пайдалы тағам болғанымен, тез бұзылатын азық-түлікке жатады. Сондықтан сүт немесе сүт өнімінің қорабындағы тұтынушыға арналған ақпаратқа - жарамдылық мерзіміне көңіл бөліңіз. Технологиялық өңдеуде табиғи құрылымы бұзылмаған сүт және сүт өнімдерінің қолданылу мерзімі қысқа болады.

Кейбір сүт және сүт өнімдерін құрғатылған майсыз сүтті қалыптастыру арқылы, ал майлылығын өсімдік майын қосу арқылы өндіреді, бұл деректер сүт немесе сүт өнімі құрамы туралы тұтынушыға арналған ақпаратта жазылады. Айран және басқа қышқыл сүт өнімдері дәстүрлі түрде айран ашытқы саңырауқұлақтарын қолдану арқылы өндіріледі. Көп жағдайда құрғақ ашытқы концентраттарын қолдану арқылы өндіріледі. Ол жайында да тұтынушыға арналған ақпаратта деректер жазылуы қажет.

Сүт тағамдарынан қымыз, шұбат, құрт, ірімшік, қатық, айран, уыз, май, сүзбе тағы басқаларын күнделікті пайдаланамыз. Бұлардың барлығының да адам денсаулығына тигізер пайдасы өте мол. Сүт - басқа ешқандай азық-түлік тең келмейтін аса бағалы тағамдық өнім. Өйткені организмге оның құрамды бөлігінің 95-98 пайызы сіңеді. Сондай-ақ сүт амин қышқылдарының ,макро және микроэлементтерінің, витаминдерінің таптырмайтын көзі. Сүт және оның өнімдерінің құрамында жеңіл сіңетін құраушылар бар. Олар бізге кальцийді, дәрумендерді (А,В2,В1,Е,Д,С) сондай-ақ көптеген басқа қоректік құндылықтарды жеткізеді.

Сүттің тағы бір қасиеті - түрлі азық-түлікпен керемет үндесіп, адам тағамының биологиялық құндылығын көтереді. Сүт организмге тусетін коректік заттардың көлемін арттырып қана қоймайды, сонымен бірге май, белок, көмірсу минералды тұздар тағы басқалармен бірлесе отырып, осы коректік заттардың организмге сіңімділігін жақсартады. Ата-бабаларымыз бағзы ғасырлардан бері ұлттық брендімізге айналған сусынды тағам ретінде де, ем-дом ретінде де қолданған. Алайда осы қасиетті сусын мен тағамды сауда орындарынан сатып аларда аса сақ болыңыз.

Әрбір тұтынушыға базарлар мен дүңгіршектерде сатылатын жеке қожалықтардың сапасы күмән келтіретін сүтін пайдалану қауіпті екендігін ескертеміз. Сондықтан жеке адамдардан сүт өнімдерін сатып аларда аса мұқият болыңыз. Супермаркет сөрелеріндегі сүт өнімдері шикізат сапасы мемлекеттік және ішкі қадағалау мекемелерінің бақылауынан өткен жеке шаруа қожалықтарынан алынған зауыт-фабрикалардан жеткізіледі. Жеке шаруа қожалықтары дайындайтын сүт құрамында кездесіп қалатын патогенді бактериялар жоғары стандартты және азық-түлік қауіпсіздігі сақталған ірі сүт өндіруші мекемелерінен алынатын сүтте болмайды.

Базар мен дүңгіршектерде сатылатын сүт өнімдерінде адам өміріне қауіпті, құрамында денсаулыққа кері әсерін тигізетін патогенді микрофлора және антибиотиктер кездесуі мүмкін. Супермаркет сөрелеріндегі сүт неге ұзақ уақыт бұзылмайды? Көпшілік арасында ұзақ мерзімге жарамды сүт жайлы күмәнді пікірлер де кеңінен таралып келеді. Тұтынушылар пастерленген сүтте ағза үшін пайдалы минералдар мен дәрумендердің жойылатынын алға тартуда. Ал сарапшылардың айтуынша, заманауи зауыттарда жоғары деңгейдегі асептика мен өндіріс талаптары орындалған кезде ғана шығарылған сүт пайдалы қасиеттерін сақтай келе, дүкен сөрелерінде 2 аптаға дейінгі мерзімге жарамды болады.

Ұзақ мерзімге (алты айға дейінгі) жарамды сүт – ультрапастерленген сүт. Ол термоөңдеу мен қаптама арқасында ұзақ сақталады. Бұл сүт өңдеудегі заманауи әрі тиімді тәсіл. Сүтті 135-137 °C ысытып, бірден 4-5 °C салқындатады. Сол кезде бактериялар жойылады, бірақ 2-4 секундтық өңдеудің арқасында сүттің пайдалы қасиеттері (ақуыз, көмірсулар, кальций) сақталады. Қазіргі уакытта дүкен сөрелерінде сүт және сүт өнімдерінің қорабындағы тұтынушыға арналған ақпаратқа, яғни жарамдылық мерзіміне, пайдалануына, көрсетілген басқа деректерге көңіл бөліңіздер, бұл сіздің денсаулығыңыз үшін маңызды шарт болып табылады.

Жанар Төлеуішева,

Жылыой аудандық Тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен

қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекші маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521