Азаматтардың мемлекеттік қызметке деген сенімін нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен 2018 жылы «Қоғамдық бақылау» жобасы жасақталды. Осыған байланысты Майкөмген, Жем ауылдық округтерінде бірқатар жұмыстар жүргізілді.
- Жобаны насихаттау үшін ауылдық округ әкімі аппаратының бас маман-заңгері О.Көшкінбаева мен қызметкер Ж.Аққалиева үй-үйлерді аралап, тұрғындарға түсінік жұмыстарын жүргізді. Департаментпен жасақталған жадынамаларды таратты,-дейді Майкөмген ауылының әкімі Нұржарық Сауытов.
Жобаның ерекшелігі: жұрт көкейде жүрген көп мәселесін агенттікке онлайн түрде жолдай алады. Атап айтқанда:
- Әлеуметтік желілер мен Cаll-орталықтар, азаматтарға арналған «Qamqor» мобильдік қосымшасы және өңірлік мониторинг топтардың желілері аясында да жіберуге болады,-дейді Жем ауылдық округінің әкімі Б.Қариев.
Жобаның тиімділігі сол, халықтан түскен хабарламалар жоғарғы жаққа тез жетіп, мәселе оңтайлы шешіледі. Яғни шешімін таппай жүрген түйіндерге агенттік тарапынан нақты жауап қайтарылады.
Е.Бисекенұлы.