Сәндегі басты трендтер

Сән көрсетілімдеріне қарап отырсақ, мынадай тұжырымға келуге болады: атласты матадан тігілген, шілтерленген, кестеленген минималистік және салтанатты кешкі көйлектер трендте қалды.

Былтыр сәнде болған көйлектері өзінің актуалдылығын жоғалтты. Оның орнына ұзын шлейфті үлгілер пайда болды. Подиумдарда салмақта үлгілер көбірек кездесті, бірақ кейбір сәнгерлер үлгілерін қолдан кестеленген мөлдір маталармен толықтыра түскен.

Сәннің шыңына годе мен «русалка» шықты, себебі бұл үлгілер әрбір топтамалардан көрініс тауып отырды. Қыз-келіншектер үшін Жаңа 2019 жылдық көйлектердің түр-түрі ұсынылғанмен, стилистер нәзіктік пен ұстамдылыққа екпін жасапты.

Өрнек. Биыл ұзын жеңдегі өрнектер сәнде.

Грек үлгісіндегі көйлектер. Бұлардың иығы ашық,белі жоғарылау, етегі кең келеді.

Мөлдір мата. Бірақ адамның денесі көрініп тұратын көйлектер ұстамды бейнелерден мүлдем алшақ. Сондықтан бұл ерсіліктен аулақтау үшін аз ғана қолданған дұрыс.

Шлейф. Шлейфке сән қайта қайта оралғанмен, бұл жолы қысқартылған немесе мантия түрінде болады.

Сәнді маталар. Жібек, барқыт, шілтер, шифон, тафта, жұмсақ жүн.

Сәнді түстер. Зәйтүн, шарап, қыша түстес, алтын, күлгін және көгілдір.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521