Құрылысшылардың қолтаңбасы

Жыл басынан бері «Көне суреттер» айдарымен өткен күндерден сыр шертетін фотосуреттерді жариялап келеміз.

Бұл жаңа айдар оқырмандарымызға ұнап, редакцияға жақсы пікірлерін жолдауда. Ендігі кезекте ауданымызда еңбек еткен құрылысшылар туралы естеліктерді ұсынуды жөн көрдік.

Осынау қарапайым еңбек иелерінің қолтаңбасын көру үшін Құлсары қаласы мен ауылдарды бір аралап шықсаңыз жеткілікті. Бұл жерлерден тас қалаушылар мен ағаш шеберлерінің, краншылар мен сылақшылардың қалақтары мен қолдарының ізін танисыз.

2

Қазіргі қаламыздағы Махамбет даңғылы бойындағы қос қабатты үйлер, аудандық әкімдіктің колонналары алыстан көз тартатын еңселі әсем ғимараты, бір кездегі Мұнайшылар клубы... айта берсек көп-ақ.

Туған жеріне өзінің қарапайым мамандығы арқылы үлес қосқан жандардың ізгі ісін ұмытуға бола ма!?

С.ТӘЖІҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521