Құрылғыға қызыққан құрылысшы

Қазір жылыойлықтардың қорасын қарақалпақ, үйін өзбектер салатыны аян.

Қазекеңнің қаржысын «теспей сорып» жатқаны аздай олар кейде дүние-мүлкін де жымқырып кетіп жатады.

«Адам аласы ішінде», олардың арасында қожайынның көзін ала бере арам ойын іске асырып қалуға тырысатын сұғанақ қолды ұрылар да жоқ емес. Төмендегі оқиға – дәл соның айғағы.

Аудандық ішкі істер бөліміне құлсарылық бір келіншек арыздана келді. Оның шағымындағы хабарламаға қарағанда, салынып жатқан үйінде құрылыс жұмыстарын жүргізген екі өзбек жігіті жөніне кетпепті. Олар қожайынның әйел адам екендігін пайдаланса керек, пәтерінен «шлифмашинка», электр тескіш, «шуруповёрт» секілді құрылысқа қажетті құрылғыларды ұрлап алады. Күні бүгін күдіктілер іздестіріліп, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521