Ұры алыстан келмепті

Таяуда аудандық полиция бөліміне аудан орталығында тұратын бір азамат арызданды.

Оның шағымындағы хабарламаға қарағанда, өткен жылғы желтоқсан айының ішінде шалғайдағы бір ауыл маңындағы жайылымда емін-еркін жайылып жүрген бір бас қызыл қасқа тайөгізі мен сары қашарын белгісіз адам ұрлап кеткен. Бастапқыда жоғалған малын сарыла іздеп шаршаған иесі мұның бәрі ұрының ісі екенін түсініп, амалсыздан құқық қорғау органы қызметкерлерінің көмегіне жүгінсе керек.

- Екі бас сиырдың шынымен де ұрлықтың кесірінен қолды болғаны белгілі болды. Ұры алыстан келмепті. Ол осы округке қарасты шаруа қожалығының бақташысы болып шықты. Мал бағып жүріп, жәбірленушінің қызыл қасқа тайөгізі мен сары сиырын өз табынына қосып айдап әкетіп, белгісіз біреулерге сатып жіберген екен. Ұрлық аудан аумағында өткізілген республикалық «Мал ұрлығы» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталды. Күні бүгін қылмыс дәлелденіп, күдікті өз кінәсін мойындады. Қылмыстық кодекстің арнайы бабымен қылмыстық іс қозғалып, алдын ала тергеу амалдары жүргізілу үстінде,-дейді аудандық полиция бөлімі бастығының тергеу ісі жөніндегі орынбасары Серікқали Тасқалиев.

Е.Қошақанов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521