Жылыой ауданында «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында мәдениет үйлерінің саны артады.
Жылыой ауданы, Жем ауылдық округі, Тұрғызба ауылында 2022 жылдың мамыр айында 200 орындық мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары басталып,. 2023 жылдың жаз айларында пайдалануға беру жоспарланды. Жаңадан бой көтерген мәдениет ошақтары халық игілігі үшін қызмет көрсетіп, жастардың уақытын тиімді пайдалануға өз септігін тигізетініне сеніммен айта аламыз.
Сондай-ақ, Майкөмген, Шоқпартоғай, ауылдық округтерінде мәдениет үйінің жобалау сметалық құжаттамасы жасақталып, сараптама қорытындысы алынды. Жаңа Қаратон кентіде 300 орындық мәдениет үйін салу үшін жобалау сметалық құжаттамасы жасақталды. Сараптама қорытындысы алынуда.
Еске сала кетейік, мәдениет үйлерінің құрылыс жұмыстарына тапсырыс беруші мекеме: «Жылыой аудандық құрылыс бөлімі» ММ-сі