Табиғат аясына демалысқа шыққанда және басқа да уақыттарда өрт қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажет. Егер тілсіз жау бой көтерсе, тиісті құзырлы органдарға ертерек хабарлап, оның өршуіне жол бермеу керек. Өйткені ол – әрбір азаматтың табиғат-ана алдындағы міндеті. Өкінішке қарай, сол парызды көп адам түсіне бермейді. Сондықтан ауданның төтенше жағдайлар бөлімі мен №2 Мемлекеттік өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы «Табиғатты өрттен қорғайық!» тақырыбында аудан тұрғындары мен қонақтары арасында түсінік жұмыстарын жүргізді.
Түсінік жүргізу кезінде көбіне өрттің шығу себебі айтылды. Олар: абайсызда жағылған оттың сөнбей қалған шоғының ұшып, тұтануы, табиғат аясына демалғанда жағылған алаудың бақылаусыз қалып, толық өшірілмеуі, сөнбеген темекі қалдығы. Міне, осындай жағдайдан өрт шығып, тілсіз жаудың бой көтеретіні қатаң ескертілді.
Әділ СЕРІКОВ,
аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты