Жылыту маусымы басталады
Жылдың қай мезгілінде болмасын тұрғындардың өрттен және т.б. қауіп-қатерден сақтанып жүргені дұрыс. Күн салқындаған соң тұрғындар үйлерін жылытуға кіріседі.
Пеш пен арнайы жылыту қазандықтарын іске қосу – жауапты іс.
Барлық құрылғыларды іске қоспас бұрын жарамдылығын тексеріп шыққан жөн. Құбырдан газ кету, мұржаның бітелуі, жылыту жүйесінде ауаның болуы, мұржаның тиісті стандартқа сай қапталмауы, бөлмеде булықтың болмауы және тез тұтанатын, жанғыш заттардың қалып қоюы, электр насосының ақауы – осының барлығы өрттің шығуына себеп болады. Қай мезгілде де, қай жерде де қауіпсіздік ережелерін сақтау үлкен зардаптардың алдын алады.
Үйіңізге жылыту маусымы басталарда ауданымыздағы «Жылыойгаз» АҚ мамандарын шақырып, кеңес сұрап, құрылғыңыз ақаусыз болса ғана іске қосыңыз. 2018 жылы болған өрттің 37 пайызы тұрғын үй секторындағы жылыту құрылғыларының ақауынан болған.
Құрметті Жылыой ауданының тұрғындары, сіздерді жылыту маусымы басталуына байланысты өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Қауіп-қатерден сақ болайық, ағайын!
М.Жетімеков,
Құлсары қаласы №2 мамандандырылған
өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі