Өртенген үйдің тұрғындарына көмектесті

Жақында Құлсары қаласындағы 8-учаскедегі жеке үйлердің бірі өртке оранды.

Тілсіз жау бір жанұяға орасан шығын әкелді. Өрт шалған үйді аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Серік Қамидолламен бірге біз, тілшілер де барып, көріп қайтқан болатынбыз. Үй иесінің айтуынша, таңға жақын ас үй жақтан басталған өрт лезде дәліз арқылы басқа да бөлмелерді шарпыған. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің көмегімен өрт ауыздықталған. Өрттің салдарынан үй тұруға жарамсыз болып қалған екен. Тұрғындар аман. Дегенмен күйік шалып, аудандық ауруханаға түскендер де бар көрінеді. - Бұл жанұяға мемлекет тарапынан арнаулы бір жолғы әлеуметтік көмек төленетін болады. Оның мөлшері 100 айлық есептік көрсеткішке тең. Сонымен қатар бұл отбасыға тегін азық-түлік бердік, -дейді С.Қамидоллаұлы.

Қ.Нұртайұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521