Өрт сөндірушілер құдықтағы түйені құтқарды

Өткен жұма күні төтенше жағдай бөлімінің 112 нөміріне Құлсарының бір тұрғынынан дабыл қаққан хабарлама келіп түсті.

Оның сөзіне қарағанда, қала көшесінің біріндегі құдыққа өзінің жеке бағымындағы түйесі түсіп кеткен көрінеді. Оқиға орнына шұғыл жеткен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Ерлан Өскенбаев бастаған бөлім мамандары мен өрт сөндірушілер қаладағы 5 «а» ықшамауданының техникалық байқау өткізетін ғимараты жанындағы канализацияның ашық жатқан құдығына түйе малының алдыңғы екі аяғымен еңкейіп жатқанын көреді. Сол жерде өз міндетіне шұғыл кіріскен өрт сөндірушілер арнайы «АСА-20» апаттық-құтқару техникасының күшімен «дала кемесін» батып бара жатқан жерінен шығарып алды. Түлік төресі – түйені құдықтан құтқаруға төтенше жағдайлар бөлімінің төрт қызметкері қатысты.

Е.ҚОШАҚАНОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521