Өрт неден шықты?

Бір дүңгіршек жанып кетті

Өткен жұма күні кешкісін уатсап желісі арқылы Құлсары қаласы, Сырым Датұлы көшесінің бойындағы Орталық базарға қарсы орналасқан дүңгіршектің бірінің өртеніп жатқаны туралы бейне ақпарат тарады. Кейін аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Қобылан Кенжебековтен білгеніміздей, оқиға, расында да, қаңтардың 31-і күні кешкісін қою қараңғылық түскен мезгілде орын алған. Өрт жөніндегі хабарлама қалалық өрт сөндіру бөлімшесіне кешкі сағат 20.47 минутта келіп түсті.

Оқиға орнына жедел жеткен төтенше жағдай бөлімінің мамандары өртке қарсы екі техника мен 10 қызметкер жұмылдырды. Сағат 21.52 минутта тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Қ.Кенжебековтің айтуынша, тілсіз жау бутик иесінің қолданыстағы құрылғыны ток көзінен ажыратпай кетуінің кесірінен бой көтерген екен. Соның салдарынан өрт ошағы болған бір дүңгіршек толықтай жанып кетті.

Жанындағы екеуіне едәуір зақым келді. Өрт сөндірушілердің дер кезінде келіп, қарсы әрекет етуінің арқасында өрт жапсарлас сауда үйлеріне таралмай, аман қалды.

Е.Бисекенұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521