Өрт дереу ауыздықталды

Бөлімге үйдің моншасы жанып жатыр деген хабарлама келіп түсті

Бүгін Құлсары қалалық №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне 13 сағат 13 минутта Құлсары қаласы, «Аэропорт» ықшамауданы, №249 үйдің моншасы өртеніп жатыр деген хабарлама келіп түсті.

Оқиға басына барған кезде №249 үйге көршілес аумақта орналасқан ауданы 18м2 болатын ағашпен қапталған темір вагон толықтай ашық отпен және №249 үй аумағында ескі моншаның шатырының ауданы 1х1 метр болатын жері жанып жатқандығы анықталды. Күшті желдің салдарынан оттың ұшқыны тиіп, №250 үйдің ауласының сыртындағы ауданы 2х4 метр болатын қалдық шөптің жануы орын алды. 14 сағат 23 минутта жану толықтай жойылды.

№2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 1 өрт сөндіру техникасы, жеке құрамнан 4 қызметкері жұмылдырылды. Зақым алғандар мен қаза болғандар жоқ.

Құлсары қалалық № 2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Whatsapp:  +77017650876

Әлеуметтік желілеріміз