Өрт болмасын десеңіз...

Жақында аудандық төтенше жағдайлар гарнизоны қызметкерлері Құлсары қаласында орналасқан тұрғын үй секторында өрт және табиғи газға улану оқиғаларының алдын алу мақсатында шаралар өткізді.

Онда тұрғындарға тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі және жылу қазандықтарын пайдалану бойынша ережелер түсіндіріліп, жадынамалар таратылды.

- Өрттердің негізгі шығу себептері отты және электр құралдарын дұрыс пайдаланбау, құрылғы мен жылыту пештерін және түтiн мұржаларының қолдану ережелерін бұзу болып табылады. Аудан тұрғындарын өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру жөнінде нұсқаулықтар мен жадынамаларға аса назар аударып, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырамыз,-дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары.

Қ.Нұртайұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521