Өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтаған жөн

Наурыз мерекесін өткізу кезіндегі өрт қауіпсіздік шаралары 

Наурыз – көктемгі жаңарудың мерекесі, өмір мерекесі. Бұл күні адамдар мерекені қауіпсіздікте қарсы алғанын, мейрамды күннің күңгіртпеуін қалаймыз. Наурыз мейрамын дайындау және өткізу кезінде отбасылық амандықтың белгісі болып табылатын шаңырақтың үстінен от жалынының шықпауы, ал қазақтардың ежелгі тұрғын үйлері күлге айналмас үшін, киіз үйлерде өрт қауіпсіздік талаптарын міндетті түрде сақтау қажет.

Сондықтан киіз үйде қатаң өртке қарсы режимін (электржылытқыш және газды құралдарды пайдаланудың тәртібін анықтау, өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғаларды тағайындау) орнату қажет. Киіз үйде жарықтандыру мен жылыту үшін көбінесе электр қолданылатындықтан, электр желісі мен электроорнатуларын қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ету, ақауларды жоюға арналған шараларды уақытылы қабылдау қажет. Температураны қолды және автоматты реттеумен жабық жылыту элементтері бар зауытта шығарылған электржылытқыш құрылғыларды пайдалануға жол беріледі.

Берілген құрылғы жанғыш материалдардан 0,5 метрден кем емес жерде орнатылуы қажет. Оны қараусыз электр жүйесіне қосулы күйінде қалдыруға тыйым салынады. Газды баллонды жылыту құрылғыларының қызатын беттен 1 метрден аз емес қашықтықта, ал газды плиталарды жанғыш заттардан 30 см аз емес қашықтықта орналастыру қажет.

Газды баллонның бұзылған формасы, терең сызаттар, жарықтар, коррозийлер болмауы керек, ал оның міндетті элементтері: жабыншақ, тоспа және бос және толған баллонның салмағы, газдың салмағы, жұмыс істеу қысымы мен техникалық куәландыру мерзімі (5 жылда 1 рет) жазылған төлқұжаты болып табылады. Сыйымдылықтың тетігіндегі резенкелі нығыздағы сақина иілімді, бүтін болуы керек.

Осы ережелердің бәрі қолданыста қарапайым және үлкен шығындарды талап етпейді. Есесіне оларды сақтау кезінде сіз көктемгі көгілдір аспан өрттердің түтінімен жабылмайтынына сенімді бола аласыз.

Б.Жұбанов,

Құлсары қалалық №2 мамандандырылған өрт сөндіру

бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау сержанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521