Құрсай жағасындағы тартысты көкпар

Ұлыстың Ұлы күнінде аудан көлемінде алғаш рет көкпар тартысы өтті. Құлсары қаласының орталығындағы Құрсай өзегі мен орталық стадион аралығындағы алаңда ұйымдастырылған ұлттық спорт сайысына жиналған жылыойлықтар қарасы көп болды.

Көкпар туралы сөз қозғамас бұрын осы ұлттық спорт түрінің шығу төркініне аз-кем тоқтала кетсек, артық болмас. Өйткені еліміздің батыс өңіріне кең тарала қоймаған бұл тартысты ойын жалпы Атырау аймағында соңғы жылдары ғана жолға қойыла бастады. Ал Жылыойда тұңғыш рет өтіп жатқан көкпарды бірінші рет көзімен көрген жерлестеріміздің көпшілігі қызыға тамашалады. Наурыз мерекесі күні көкпар өтіп жатқан алаңда біз көкпаршы Ерлан Шайдаевты кезіктірдік. Бүгінде жасы 60-ты алқымдап, ел ағасы атанған Ерекең 13 жасынан бастап көкпар тартқан екен. Жас көкпаршылардың ақылшысы, баптаушысы бола білген ол Тараз өңірінен болып шықты ...

Толығырақ «Кең Жылой» газетінде

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521