Ұрпақ үшін игілікті жұмыстар

Атырау облысы елдің әлеуметтік-экономикалық даму сатысында айрықша рөл атқарып келе жатқандығы белгілі.

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы мұнайлы өңірдің дамуы бағытындағы келелі кеңесте де айтып өтті. Онлайн форматта өткен бұл кездесуде Атырауда жасалған бірқатар жұмыстар мен атқарылуы тиіс сан-алуан шаруаның кезек күтіп тұрғандығына тоқталыпты. Мен де ардагер мемлекеттік қызметкер ретінде қазіргі буын мен кейінгі ұрпақтың игілігіне жұмсалып жатқан жұмыстарды көріп, көңіл елегінен өткізіп отыратыным жасырын емес. Президент атап өткендей, біздің өңірде ауыз су мәселесі тұрғындар мен ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді алаңдатып отырғанын айтқан болатын. Исатай ауданы шөліркеп жатқан аудан болғандықтан су мәселесінің шешілгенін қалаймыз. Каналдардың жөндеу көрмегеніне де бірнеше жыл болды. Оларды тереңдету де қолға алынса деп ойлаймын.

Президент айта-айта жауыр болған жол сапасының, жолдың құрылысын жүргізген мердігер компаниялардың жауапкершілігін де басты назарда ұстау керектігін қадап ескертті. Қара алтынның астанасы саналатын өлкеде айрықша кезек күттірмейтін жеті міндеттерді нақпа-нақ жеткізіп, Үкімет пен облыс басшыларына үлкен жүк артылып отырғанын көрдік. Президент өзінің әр сөзінде адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау керектігін айтып келеді. Мен де өзім мен жанұямның денсаулығы, болашағы үшін екпе алдым. Президент айтып өткен ауқымды бастамалардың баянды болуына тілекшімін.

Жансих Маштахов, Мемлекеттік қызметтің ардагері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT