Аудан әкімі Жылыойлықтарды Республика күнімен құттықтады

Құрметті Жылыойлықтар!

Биыл Елімізде 13 жылдан кейін алғаш рет Республика күні тойланады. Бұл күн мереке қатарынан алынып тасталғанымен, биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлы оны қайтадан атаулы күндердің бірі етіп бекітті. Республика күніне Ұлттық мереке мәртебесі берілді.

          Тарихи қысқа мерзім ішінде халқымыз қызметтің барлық саласында – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, құқықтық және демократиялық мемлекетті қалыптастыру, әлеуметтік мемлекет құруға қарай қозғалыс, мемлекеттік егемендікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты одан әрі нығайтуда зор табыстарға қол жеткізді.

Тәуелсіздік кезеңінде Қазақстан әлемдік аренадағы стратегиялық маңызды ойыншыға және Орталық Азия аймағында даусыз көшбасшыға айналды.

Қымбатты жерлестер!

Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы мереке – Республика күнімен құттықтаймын!
Бүгінде тәуелсіз еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда.

Бұл күн – ата - бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің Туы асқақтап, келешегі өркейе берсін.

Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты  күні  Сіздерге игілік пен бақыт, бақ - дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты  дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларың сәтті болсын!

Еліміздің мәртебесі биіктеп, әлемге шарықтай берсін!

     

Құрметпен,

аудан әкімі​​​Ж.Қаражанов,

аудандық мәслихат хатшысы С.Таласов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521