Құрметті «Ken Jyloi» редакциясының ұжымы!

*28 маусым - Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні

Сіздерді төл мерекелеріңіз – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтаймын!

Журналистика қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті қажет етеді. Сіздер жекелеген адамдардың тағдыры да, қоғамның рухани ахуалы да адал, шынайы сөзге байланысты екенін жақсы білесіздер. Сондықтан өздеріңіздің  оқырмандарыңыздың алдында адал болудың жөні бөлек.

Ауданның билік органдары мен БАҚ арасында қалыптасқан қарым-қатынастың сындарлы сипат алғанын атап өткім келеді. Сіздердің салмақты сөздеріңіз бен салиқалы пікірлеріңіздің арқасында халық билікке өз сөзін жеткізіп отыр және баспасөзбен тығыз байланыстың нәтижесінде атқарушы билік органдарының қызметі туралы аудан тұрғындарына жедел және дәлелді ақпараттар жеткізілуде.

Сіздерге тынымсыз кәсіптеріңізге деген адалдықтарыңыз, болып жатқан жаңалықтарды тұрғындарға жеткізіп, маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуге зор үлес қосып келе жатқандарыңыз үшін зор алғысымды білдіремін.

Қаламдарыңызға қызықты тақырыптар ілінсін, ал сіздердің жарияланымдарыңыздағы әр сөз адамдарды жақсылық жасауға, жарық әлемді нұрландыруға жетелесін!

Сізге және Сіз басқарып отырған ұжым қызметкерлеріне зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, кәсіптеріңізге өрлеу, шығармашылықтарыңызға сәттілік, еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Құрметпен,

Жылыой ауданының әкімі А.Б.Бекет

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521