Ұрланған мал тез табылсын десек...

Ұрланған мал тез табылсын десек...
Фото: ашық дерек көзінен алынды

Аудан әкімдігінің ғимаратында құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшелері қатысып, спикерлер өздерінің баяндамасымен таныстырды. Комиссия құрамы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сауал жолдап, түйткілді мәселелердің оңтайлы шешімін табуға атсалысты.

Алғашқы болып Қосшағыл ауылдық округі әкімі Жанғазы Еркінов сыбайлас жемқорлықтың көріністерін болдырмау мақсатында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Бұдан соң Құлсары қаласының әкімі Қадіржан Адинов баяндама жасады. Ол «Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңының 11 бабы «Қаржылық бақылау шараларын» басшылыққа ала отырып, Құлсары қаласы әкімі аппаратындағы 10 мемлекеттік қызметкер жұбайларымен бірге, сондай-ақ 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайлары декларация тапсыру міндетіне байланысты 10 штаттан тыс қызметкерлерімен – барлығы 30 адам декларацияларын эектронды түрде уақытында тапсырғанын мәлімдеді. Мүдделер қақтығысына байланысты жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен қызметінің анықталмағанын, бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау тәуекелдерін және сатып алуда сыбайлас жемқорлықты азайту талабы бойынша бюджет қаражатын игеру уақытылы жүргізіліп жатқанын айтты.

Бұдан соң Полияция бөлімі басшысының бірінші орынбасары Нәсіпкерей Арман баяндама жасап, аудандағы мал ұрлығының алдын алу, жолын кесу бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды. -Жылыой ауданы Полиция бөліміне 2023 жылдың 11 айдың қорытындысымен аудан көлеміндегі қылмыстық құқық бұзушылықтар -16,8%-ға, оның ішінде қылмыстар -9,3%-ға өсіп отыр. Қазіргі кезде мал ұрлықтарына қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты ұйымдастыру теріс қоғамдық резонанс тудырып, халық тарапынан сынға ұшырауда,-деген А.Нәсіпкерей биыл мал ұрлығы бойынша бір факт тіркелгенін айтты. Ол мал ұрлығы қылмыстарының ашылмай қалуының себебі, мал иелері арыздарын малын ұрлаған сәттен кешіктіріп беретінімен және арызында нақты қай жерде, қашан орын алғаны туралы ақпарат бермейтінімен байланыстырды. Бұл қылмыстың ізін суытпай ашуына кедергі келтіріп отырған көрінеді.

-Қазіргі кезде ҚР 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 408 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі №145 «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жергілікті тұрғындарға малды иесіз жіберіп қоюға немесе жаюға тыйым салынғаны, иесіз, қараусыз жүрген мал иелеріне ҚР ӘҚБтК-нің 408 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы жөнінде барынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде,-деді қорытындылап.

Мал ұрлығының алдын алу барысында Полиция бөлімімен мал және заңсыз ет өнімдерін тасымалдауды анықтау бағытында патрульдік полиция мен жергілікті учаскелік полиция қызметкерлерімен профилактикалық бағыттағы тексеру жұмыстары үнемі жүргізілуде. Тіркелген мал ұрлығы фактілері назардан тыс қалмай, оларды ашу бағытында нақты шаралар қабылданып, осы бағыттағы жұмыстар жандандырылатынына сенім білдірді.

Е.Ахметкәрімов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521