Құлсары балалар өнер мектебінде қазір 12 мамандық бойынша 460 оқушы білім алуда.
Олар түрлі сайыстарда жарқырай көрініп, өнер ордасының ғана емес, ауданның да мерейін асқақтатып жүр. Жақында «Кең Жылыой» мәдениет үйінде жылма-жыл дәстүрге айналған «Өрісін кеңге жайған өнерім» атты есеп беру концерті өтіп, осы мектептің ұстаздары мен шәкірттері таланттарымен тәнті етті.
Биыл Құлсары балалар өнер мектебінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Қазіргі таңда өнер ордасы - тамыры тереңге жайылған мәдениет ошағы. Осы жылдар ішінде мекеме тапшылығынан қиындықты бастан кешірсе де, мектеп ұстаздары сол қиындықтарға қарамай, өнер жолында шәкірт тәрбиелеп, аудан өнерінің өркендеуіне айтарлықтай өз үлестерін қосып келеді. Концерт соңында мектеп мұғалімдеріне «Дарын» әдеби шығармашылық бірлестігінің төрағасы Нұрдәулет Ақназаров алғысхат табыс етті.
Г.Айдарханова