Аудандық жастар орталығының ұйымдастыруымен өткен “Жас толқын - 2025” марапаттау кешінде ауданның тыныс-тіршілігіне жыл он екі ай атсалысқан ең үздіктер 22 аталым бойынша іріктеліп, арнайы марапатқа ие болды.
Жас үздіктердің қатарында журналистика жолында табандылық пен кәсібилікті серік еткен жас қаламгер, “Кең Жылой” газетінің тілшісі сондай-ақ облыстық “Caspian News” телеарнасының ауданымыздағы меншікті тілшісі Диана Ізбасарқызы “Жас тілші” номинациясымен марапатталды.

Диана Ізбасарқызы ақпаратты жылдам, нақты әрі әсерлі жеткізе білетін, оқиғалардың ортасында жүретін белсенді журналистердің бірі. “Кең Жылой” газетінің ақпарат кеңістігін жандандырып, облыстық деңгейдегі "Caspian News" телеарнасы үшін де талай маңызды сюжеттер дайындап, оқырмандардың алғысына ие болып жүр. Жас журналистің кәсіби жолы сәттілік пен жеңісті сәттерге толы болсын деп тілек білдіреміз.
"Кең Жылой" редакциясы ұжымы



