Республикалық трасса ақылы болмақ

Алғашқы екі жылда барлығы 6 мың шақырымға созылған жол қамтылмақшы.

Еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, келесі 2020 жылдан бастап Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан аумағындағы республикалық трассалар ақылы болады.

Бұл жолдарды ақылыға айналдырудың бірінші кезеңіне 2021 жыл да кіреді. Яғни алғашқы екі жылда барлығы 6 мың шақырымға созылған жол қамтылмақшы. Оған Атырау мен Орал, Атырау мен Доссор, Доссор мен Бейнеу және Бейнеу мен Ақжігіт аралығындағы трассадан бастап, Өзбекстанмен шекараға дейінгі тасжолдар кіреді.

- 2024 жылға қарай республикалық тасжолдардың шамамен 11 мың шақырымын ақылыға айналдыру жоспарланып отыр. Қазір бұл учаскелерге инвестициялық конкурс жарияланды. Қалған 5 мың шақырым жол 2022-2023 жылдары қамтылады, - дейді министрлік өз хабарламасында.

Ақылыға айналатын аталған трассалар біздің өңір арқылы өтетіндігін ескерсек, онда жылыойлықтарға мемлекеттің қойып отырған бұл шартына көндігуге тура келеді. Өйткені ақылы жолдар тек біздің аймақта ғана емес. Қазіргі таңда Қазақстанда ақылы төрт трасса бар. Олар еліміздің орталық және оңтүстік өңірлерінде. Күні бүгін олардан түскен алым мөлшері 4 млрд. теңгеден асқан.

Е.Бисекенұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521