Республика күніне орай ерекше жандарға біржолғы әлеуметтік төлем төленеді

Республика күні қарсаңында биыл облыстағы мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектерге жергілікті бюджет есебінен 7,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (25875 теңге) біржолғы әлеуметтік төлем төленеді.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Альфия Төлеғариеваның айтуынша, бұл көмек облыс әкімі Серік Шәпкеновтің қолдауымен жергілікті мәслихат шешіміне сәйкес алғаш рет қолға алынған. Белгіленген заңдылықтарға сәйкес әлеуметтік қолдаудың осы түрі алдағы уақытта да жалғасын табады.

– Бұрын бір реттік көмек 30 тамыз – Конституция күнінде ғана 50 мың теңге көлемінде берілетін. Енді мүмкіндігі шектеулі адамдарға жылына екі рет – Конституция күні және Республика күні мерекелеріне орай осындай көмек көрсетіледі. Ерекше балаларға аталған мерекелерге қоса, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қаржылай көмек жасалады, – деді Альфия Байғанинқызы.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521