Өресі биік ел өнер адамын ұлғылайды

Халқымыз үшін зиялы қауымның орны қашанда ерекше

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауының толық мәтінімен танысып, мұқият оқыдым. Биылғы Жолдауда Президент зиялы қауым өкілдеріне қатысты сөз қозғапты.

«Қазір мемлекет бюджет қаржысын оңды-солды иелене беретін белгілі бір қайраткерлердің ғана жобаларын қаржыландырып отыр. Бұл, әрине, түсініксіз жағдай. Жас әрі дарынды мүсіншілер, суретшілер, театр қызметкерлері, музыканттар, қаламгерлер жаңа жанр түрлерін игеріп, ұдайы ізденіс үстінде жүреді. Сөйте тұра, олар елеусіз қалып, меценаттардың көмегімен ғана күн көреді. Шын мәнінде, Қазақстан мәдениеті сол жас дарындардың арқасында жаһандық деңгейде танылып жүрген жоқ па?!

Сондықтан Үкімет сарапшылармен бірлесіп, жыл соңына дейін жаңа мәдениетті және оның дарынды өкілдерін дәріптеуге бағытталған нақты шаралар жоспарын ұсынуға тиіс. Креативті индустрияны қолдау қорын құру мүмкіндігін қарастырған жөн. Халқымыз үшін зиялы қауымның орны қашанда ерекше» деген жолдарды оқып толқыдым.

Шығармашылық иелерінің көбіне көзтаса қалатыны ащы шындық. Сөйте тұра олар бір сәт те дамыл таппай, ізденеді, тер төгеді. Алайда сол азапты еңбек, толғақты ойдың жемісі - төл туындысын таныта алмай, іштей шерленетіні рас. Бұдан соң меценат іздеп, әр есікті бір қағып жүретіні де рас. Ал дамыған мемлекеттердің бәрін де өнер, шығармашылық қашан да биік бағаланады. Авторларға деген құрмет те ерекше.

Қандайма елдің даңқын әлемге танытатын өз Гетесі, өз Микеланджелосы мен Айвазовскиі, Шопені мен Моцарты екенін естен шығармайық. Өркениетті ел қашан да ақыл-ойымен, құдіретті өнерімен танылған. Сондықтан Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының биылғы Жолдауда айтқандары барша шығармашылық адамдарына деген жанашырлық деп қабылдаймыз.

Серік Мәтениязов,

Қазақстан Республикасы Суретшілер және Дизайнерлер Одақтарының мүшесі,

Халықаралық конкрустардың жүлдегері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT