Ресейдегі бір сайлау учаскесінде дауыс беру мерзімінен бұрын аяқталды

Омбы қаласындағы сайлау учаскесінде сайлаушылар 100 пайыз дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшілігі жанындағы референдумы учаскелік комиссиясының төрағасы Александр Синяговскийдің айтуынша, Астана уақытымен сағат 17:20-да Ресейдегі бес сайлау учаскесінде барлығы 1507 адам дауыс берген.

«Соның ішінде Мәскеуде – 702, Санкт-Петербургте – 484, Астраханьда – 53 және Қазан қаласында – 183. Заңға сәйкес, Омбыдағы сайлау учаскесі тізімге енгізілген барлық 85 сайлаушы дауыс бергеннен кейін жұмысын мерзімінен бұрын аяқтады», - деді комиссия төрағасы.

Сондай-ақ, алдын ала болжам бойынша, Мәскеу сайлау учаскесінде тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 34,4 пайызы бюллетень алған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT