Коалиция мүшелері Жылыой ауданындағы #3 мектепте референдумға қатысты кең көлемді түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды. Кездесулер барысында білім ордасының ұжымына референдумның мәні мен маңызы, оның елдің саяси және әлеуметтік дамуына ықпалы жан-жақты түсіндірілді. Әсіресе, азаматтық жауапкершілік пен белсенділіктің маңыздылығы кеңінен қозғалды.
Жиындар ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өз ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Референдумның қоғам өміріндегі рөлі, оның болашақ ұрпақ үшін стратегиялық маңызы туралы мазмұнды әңгіме өрбіді.
Аталған кездесулерге 50-ден аса адам қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарға нақты жауап алды. Мұндай түсіндіру жұмыстары халықтың ақпараттану деңгейін арттырып, маңызды саяси науқанға деген жауапкершілікті күшейтуге бағытталған.




