Референдумға немерелерін жетектеп келген ата

Дауыс беру учаскесіне тәй-тәй басқан бөбегін жетектеп келген қариялар да кездесуде. №18 М.Сатыбалдиев атындағы орта мектепте орналасқан №259 дауыс беру учаскесіне келген Асқар Сүйесінов сондай қарттар қатарында. Үш бірдей немересін ертіп жеткен ардақты атамен тілдесіп көрген едік:

-Референдум ел болашағы үшін маңызды шара. Ал, өз таңдауымды жасап, дауысымды беру міндетім деп білемін. Әр сайлау мен референдум сайын қалыс қалмай, дауыс беру учаскеме келіп тұрамын. Биыл немерелерімді де жетектеп келіп, осы бір маңызды оқиғаның атмосферасын сезінсін деген ізгі ниетім бар,-деді ол өз сөзінде.

Қазіргі таңда 3 ұлын ұясына қондырып, 5 немерені еркелетуді ермек қылған Асқар ағамыз референдум әділ өтіп, жарқын болашақ үшін бүгін дұрыс шешім қабылдануы керек деп есептейді.

Ерназ Алтайұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT