Референдум күні Жаңа Қаратон кентіндегі №103 және №104 референдум учаскелерінде ерекше қолөнер және ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бұл шара жергілікті өнімдерді насихаттау және дәстүрлі өнерді қолдау мақсатында өткізілді.
Жәрмеңкеде жергілікті шеберлер мен ауыл шаруашылығы өндірушілері өз өнімдерін таныстырып, тұрғындарға түрлі қолөнер бұйымдары, дәмді тағамдар мен табиғи өнімдер ұсынды.
Жәрмеңкеге келген тұрғындар ауылдың өнімдері мен қолөнер туындыларын тамашалап, сатып алу мүмкіндігіне ие болды.