Референдум күні дауыс беру учаскелерінің жанында түрлі спорттық шаралар өткізілді. Соның бірі Майкөмген ауылдық округіндегі №109 сайлау учаскесінің жанында жергілікті тұрғындарды белсенділікке ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған садақ ату мен гір тасын көтеру сайыстары болды.
Сайыстарға қатысушылар шеберліктерін көрсетіп, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Бұл шаралар тек спорттық бәсекелестік қана емес, сондай-ақ қоғамның бірлігін нығайту мен салауатты өмір салтын насихаттау үшін маңызды болды.
Референдум күні ұйымдастырылған спорттық шаралар ауыл тұрғындарын бірлестіріп, халық арасында ерекше қуаныш пен серпін сыйлады.